Алматыда Әлия мен Мәншүк атындағы саябақта Қызыл кітапқа енген емен ағашы кесілді

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда орналасқан Әлия мен Мәншүк алаңын қалпына келтіру жұмыстары 80 пайызға аяқталды. Жөндеу жұмыстары 2022 жылы басталған болатын.

Алматыда Әлия мен Мәншүк атындағы саябақта Қызыл кітапқа енген емен ағашы кесілді
Фото: Александр Павский/Kazinform

Алматы қалалық қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары Бақытжан Рахымбековтың айтуынша, қазір саябақта ағаштарды санитарлық кесу және «Аққу» субұрқақ кешеніне техникалық бөлме орнату жұмыстары аяқталды.

Алматыда Әлия мен Мәншүк атындағы саябақта Қызыл кітапқа енген емен ағашы кесілді
Фото: Александр Павский/Kazinform

— Бүгінгі таңда автоматты суару және су құбырларын төсеу, электрмен жабдықтау, жарықтандыру желілерін тарту, вертикалды жоспарлау, ағаштарды санитарлық кесу және «Аққу» субұрқақ кешеніне техникалық бөлме орнату жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ жерге брусчатка төсеу және шамдармен тіреуіштерді орнату жұмыстары бітті. Саябақтағы құрылыс-монтаж жұмыстары 80 пайызға орындалды, — деп жауап берді ол Kazinform агенттігінің сауалына.

Алматыда Әлия мен Мәншүк атындағы саябақта Қызыл кітапқа енген емен ағашы кесілді
Фото: Александр Павский/Kazinform

Сонымен қатар, «Әлия, Мәншүк» скверіндегі Қызыл кітапқа енген емен ағашының кесілгені белгілі болды. Ол саябақтың жоғарғы шығыс бұрышында, бұрын аты аңызға айналған «Аққу» дәмханасы орналасқан аумақта өсіп тұрған

Экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасы басшысының орынбасары Мадияр Қожекеевтің айтуынша, Алматы қаласының жасыл желектер тізіліміне сәйкес биіктігі 15 метр, жасы 80-нен асқан емен ағашы қурап кеткен.

Алматыда Әлия мен Мәншүк атындағы саябақта Қызыл кітапқа енген емен ағашы кесілді
Фото: Александр Павский/Kazinform

— «EcoAlmaty» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мамандары емен ағашына тексеру жүргізіп, нәтижесінде ағаштың түбінен жарықшақ табылып, өзі 15 градусқа қисайып кеткен. Ол ағаштың шынымен де жарамсыз екенін және оны алып тастау керектігін көрсетті, — деп түсіндірді ол.

Былтыр экология және қоршаған ортаны қорғау департаменті саябақта 130-ға жуық қураған және қауіпті ағаш кесілгенін хабарлады.

Онда барлығы 1681 ағаш бар. Қазірдің өзінде кесілген ағаштардың орнына 150-ден астам жас көшет отырғызылды.

Алматыда Әлия мен Мәншүк атындағы саябақта Қызыл кітапқа енген емен ағашы кесілді
Фото: Александр Павский/Kazinform

Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының мәліметінше, саябақта құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге 545 млн теңге бөлінді.

Алматыда Әлия мен Мәншүк атындағы саябақта Қызыл кітапқа енген емен ағашы кесілді
Фото: Александр Павский/Kazinform

Еске салсақ, Ерболат Досаев 2023 жылдың соңына дейін Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова алаңы жөнделіп, абаттандыратынын айтқан еді.

Кейін Қазақ — Британ техникалық университетіне қарама-қарсы орналасқан Әлия мен Мәншүк саябағын жаңдандыруды мойнына алған мердігер ұйым жұмысты аяқсыз қалдырып кеткені белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар