13:11, 03 Қаңтар 2024 | GMT +5
Алматыда анасы таксиде ұмытып кеткен кішкентай қыз табылды
Төрт жасар Мармар Қалмақбайдың анасы қызын Жамбыл ауданынан Алматыға келе жатқан таксиде ұйықтатып, ұмытып кеткен, деп хабарлайды Kazinform.

Lider kz волонтерлері мәлім еткендей, 2 қаңтар кешкі сағат 20:00 шамасында 39 жастағы Бақытгүл Қалмақбай кішкентай қызымен бірге Жамбыл ауданы Үмбетәлі ауылынан Алматы қаласына жету үшін Алматы-Бішкек тасжолында көлік тоқтатқан.
Сағат 20:49 шамасында әйел ұйықтап жатқан баланы белгісіз ақ көлікте қалдырып, өзі Райымбек даңғылында Б. Момышұлы көшесіне жетпей түсіп қалған.
Бүгін таңертең Мармарды полицияға көлік жүргізушісі әкелді.
«Кішкентай қыз аман-есен табылды. Полиция Мармарды ата-анасына тапсырды»,-деп хабарлады ведомстводан.