Алматыда арыққа құлаған ер адам мерт болды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда арықтан ер адамның мәйіті табылды.

жедел жәрдем
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, ер адам алкогольдік масаң күйде тепе-теңдігін жоғалтып, арыққа құлаған. Алған дене жарақаттарының салдарынан ол оқиға орнында жан тапсырған.

Аталған дерек бойынша Бостандық ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.

— Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Оқиғаның өзге мән-жайлары тергеу барысында анықталады, — деп хабарлады департаменттен.

Еске салайық, өткен аптада Алматыда бірнеше күн бойы нөсер жаңбыр жауды. Соған байланысты коммуналдық қызмет күшейтілген режимге жұмыс істеді.

Соңғы жаңалықтар