15:55, 16 Наурыз 2024 | GMT +5
Алматыда асхана өртенді
АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматыда Сүйінбай даңғылы бойында орналасқан асханадан өрт шықты.
Куәгерлер отқа оранған асхананың видеосын әлеуметтік желіге салды.
Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінен хабарлағандай, өрт сөндірушілер 16 наурыз күні таңғы сағат 06:35-те Сүйінбай даңғылы, 157/1 а мекен-жайына жіберілді.
Оқиға орнына жеткен сәтте бір қабатты асхананың шатыры мен оған жапсарлас салынған үй-жайдың өртенгені анықталды.
«Өрттің жалпы ауданы 150 шаршы метрді құрады. Өрт сағат 07:10-да жойылды. Өрттің себебі анықталуда. Оқиға орнына ТЖД жеке құрамынан 35 адам және 11 техника жұмылдырылды», - деп хабарлады Алматы қалалық ТЖД-ның баспасөз қызметі.