Алматыда «Астана» алаңы жабылуына байланысты 10 автобус бағыты өзгерді
АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматыда Қала күніне орай өтетін ауқымды мерекелік іс-шараларға байланысты 12-16 қыркүйек аралығында Төле би көшесі Панфилов көшесінен Абылай хан даңғылына дейін жабылады. Қалалық мобильділік басқармасы осы уақыт аралығында 10 қоғамдық көлік бағытының қозғалыс сызбасына өзгеріс енгізілгенін хабарлады.

«Жол сызбасы өзгерген автобус бағыттар: №16, 37, 48, 126, 201, 205, 206, 209, 210 және 224. «Астана» алаңын шығыс бағытта Қабанбай батыр көшесі арқылы, батыс бағытта Бөгенбай батыр көшесі арқылы айналып өтеді. Сонымен қатар, №16 және 126 бағыттары аталған аумақты Гоголь көшесімен айналып өтеді», - деп хабарлады басқармадан.
Еске салайық, бұған дейін «Астана» алаңында қандай мерекелік іс-шаралар өтетін жазғанбыз.
Астанада түнгі автобустар тоқтайды.
Оқу жылы басталып, жолаушылар санының артуына байланысты, сондай-ақ, қалалық бағдарларда түнгі автобустарды пайдалану тиімдірек болатынын ескере келе түнгі маусымдық бағдарлар қозғалысын 14 қыркүйек сенбіден 15 қыркүйек жексенбіге қараған түні тоқтату жөнінде шешім қабылданды.