Алматыда атыс болды

АЛМАТЫ – Алматыда 28 панфиловшы-гвардияшылар атындағы саябақта атыс болды.

полиция
Фото: Алматы облыстық полиция департаменті

Бұқаралық ақпарат құралдарында тараған ақпаратқа сәйкес, атыс 22 желтоқсан таңғы сағат 4:34 шамасында 28 панфиловшы-гвардияшылар атындағы саябақ маңында болған.

Алматы қалалық Полиция департаменті ақпаратты растады.

– Медеу аудандық полиция басқармасы бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр,– деп хабарлады ведомстводан.

Осыған дейін Алматының Алатау ауданында электр тірегінің астына асылып қалған ер адамның денесі табылғаны туралы жазған едік.

Бұдан бөлек, қаладағы жеке мектептердің бірінің маңынан көлік ішінде ер адамның мәйіті табылды.

 

Соңғы жаңалықтар