Алматыда ауа райына байланысты бірнеше рейс кешігіп жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы халықаралық әуежайында ауа райына байланысты бірнеше рейс кешігіп жатыр.

Алматыда ауа райына байланысты бірнеше рейс кешігіп жатыр
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Онлайн-таблодағы мәліметке қарағанда, Атырауға үш рейс, сондай-ақ Ақтау мен Үрімшіге ұшатын рейстер кешігіп жатыр. Сонымен қатар Шымкент, Атырау, Фукуок, Пхукет, Жезқазған, Дубай, Қызылорда, Үрімші, Петропавл және Бейжіңнен келетін рейстердің де қонатын уақыты өзгерген.

Әуежайдың баспасөз қызметі рейстердің жаппай кешігуі, оның ішінде ауа райына байланысты кідірістер тіркелмегенін мәлімдеді. Әуежай қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр.

Айта кетейік, бүгін, 2026 жылғы 16 қаңтарда Алматыда ауа райына байланысты кептеліс 10 балға жетті. 

Еске салайық, Алматының коммуналдық қызметі ауа райына байланысты күшейтілген режимге көшті. 

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 15 қаңтардан 16 қаңтарға қараған түні басталған қар 17 қаңтар кешке дейін жалғасады.

Алматы әкімдігі тәулік бойындағы жұмысқа 1 030 арнайы техника, сондай-ақ жеке ұйымдардан 200 техника мен 2 710 жұмысшы жұмылдырылғанын хабарлады. Аула аумақтарын тазалау жұмыстарына 1 790 жұмысшы мен 256 арнайы техника тартылған. Ал аудан әкімдіктерінде атқарылып жатқан жұмыстардың орындалуын бақылау мақсатында тәулік бойғы кезекшілік енгізілді.

Соңғы жаңалықтар