Алматы әуежайындағы күдікті бұған дейін автобуста қызды ұрған

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматы әуежайында қызды кепілге алған күдікті бұған дейін де жауапкершілікке тартылған. 

Алматыда әуежайындағы күдікті бұған дейін автобуста қызды ұрған
Фото: Видеодан алынған скрин

Алматы полициясы бүгін әуежайда ұсталған күдікті бұған дейін автобустағы қызды ұрған адам екенін растады. Былтыр болған оқиғадан соң күдіктіге бір жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған.

— Қоғамдық көліктегі оқиғадан кейін Алмалы аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу аяқталғаннан кейін қылмыстық іс материалдары сотқа жолданды. Өткен жылдың желтоқсан айында сот ер адамды бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына кескен, - деп хабарлады департаменттен.

Еске салайық, былтыр қараша айында қоғамдық көлікте әйелді ұрған 66 жастағы жергілікті тұрғын ұсталғанын жазған едік.

Бүгін күдікті Алматы әуежайында қызды кепілге алып, көпшілік алдында пышақ кезенді. 

Соңғы жаңалықтар