Алматыда ауланы абаттандыруға тегін көшет беріледі

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда «Жасыл аула» науқаны басталды. 

Алматыда ауланы абаттандыруға тегін көшет беріледі
Фото: Алматы әкімдігі

Экология және қоршаған орта басқармасының мәліметінше, қала тұрғындарынан көпқабатты үйлердің аулаларын көгалдандыру мақсатында ағаш көшеттерін алуға өтінімдер қабылдана бастады. 

Науқан аясында бір адамға 20-ға дейін көшет (тегін) беріледі. Өтініш беруші отырғызылған ағаштарға алдағы үш жыл бойы күтім жасау жөнінде кепілдік міндеттемесіне қол қоюға тиіс.

Алматыда ауланы абаттандыруға тегін көшет беріледі
Фото: Алматы әкімдігі

– Өтінім 2025 жылы 12 қазанға дейін қабылданады. Көрсетілген мерзімнен кейін жіберілген өтінім қабылданбайды. Қатысу үшін zhasyl_aula_2025@bk.ru электрондық поштасына өтінім жіберу қажет, - деп хабарлады басқармадан.

Алматыда ауланы абаттандыруға тегін көшет беріледі
Фото: Алматы әкімдігі

Қосымша ақпарат алу үшін Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасының Жасыл қорды басқару бөліміне мына байланыс нөмірлері арқылы хабарласуға болады: +7 778 382 60 01, +7 727 338 31 06.

Еске салайық, биыл көктем кезінде де алматылықтарға тегін көшет тарату науқаны өтті.

Соңғы жаңалықтар