Алматыда автобус 5 жасар баланы соғып кетті

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматыда қоғамдық көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы Бостандық ауданында болған.

Алматыда автобус 5 жастағы баланы қағып кетті
Фото: Видеодан кадр

- Бұл жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 14:05 болған. Автобус Тимирязев көшесімен шығыс бағытта келе жатып, Иманов көшесінің қиылысында жаяу жүргіншілерге белгіленген жолдан өтіп бара жатқан 5 жастағы баланы соғып кеткен. Дене жарақаттарын алған бала емханаға жеткізілді. Жол апатына байланысты Бостандық ауданының полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда жол апатында 14 мопед жүргізушісі қаза тапқанын жазған едік.

Сондай-ақ, Бас прокурор Берік Асылов елімізде жол апаты көбейгенін айтты.