Алматыда автобус бірнеше жеңіл көлікпен соқтығысты: зардап шеккендер бар

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда автобус жол апатына ұшырады. Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады.

автобус, автомобиль, дорога
Фото: Александр Павский / Kazinform

Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 8 маусым күні 11:50-де Түрксіб ауданында болған. Сейфуллин даңғылы мен Кассин көшесінің қиылысында автобус жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып, 5 жеңіл автокөлікпен соқтығысқан.

- Жол-көлік оқиғасы салдарынан 6 адам дене жарақатын алды. Олар ауруханаға жеткізілді. Жол-көлік оқиғасы бойынша Түрксіб аудандық полиция басқармасы тергеу жұмыстарын бастады, - деп хабарлады департаменттен.

Еске салайық, 2 маусымда Астанада автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегіндегі бағанға соғылды. Жедел медициналық жәрдем бригадалары қала стационарларына барлығы 15 адамды жеткізді. Олардың үшеуі ауруханаға жатқызылды. Жол апаты кезінде зардап шеккен қыз баланың аяғына ампутация жасалды.

Бүгін Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек жол апатының салдарынан екі аяғынан айырылған қыздың отбасына әкімдік тарапынан баспана берілетінін айтты.

Соңғы жаңалықтар