11:14, 21 Тамыз 2025 | GMT +5
Алматыда автобус ішінде жанжал шығарғандар іздестіріліп жатыр
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда қоғамдық көлік ішінде екі ер адам жанжал шығарды.

Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде жарияланды.
Қалалық полиция департаменті бейнежазбадағы азаматтар анықталғанын хабарлады.
— Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау және кінәлілерді заңға сәйкес жауапкершілікке тарту шаралары қабылданып жатыр. Алматы полициясы кез келген заңбұзушылық пен қоғамдық тәртіпті бұзу әрекеттеріне құқықтық баға берілетінін атап өтеді, — деп мәлімдеді департаменттен.
Еске салайық, бұған дейін Оралда автобустағы жаппай төбелеске байланысты қылмыстық іс қозғалды.