11:15, 18 Шілде 2024 | GMT +5
Алматыда автобус жүргізушісі үйдің қоршауына соғылды, куәгерлер оның ішімдік ішкенін айтты
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Әлеуметтік желіде жеке үйдің қоршауына соғылған автобустың бейнежазбасы тарады.

Бейнеролик авторы үй қоршауы мен газ құбырын зақымдаған №32 автобус жүргізушісі мас екенін айтады. Аталған жағдайға қалалық Полиция департаменті түсінік берді.
«Бұл жол-көлік оқиғасы Түрксіб ауданында болды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның өзге де мән-жайлары анықталып жатыр», - деп хабарлады департменттен.
Еске салайық, бүгін түнгі уақытта Саин көшесінде екі көлік соқтығысып, бір адам мерт болды.