Алматыда автобус жүргізушісіне шабуыл жасаған күдікті ұсталды

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматыда қоғамдық көлік жүргізушісіне жолаушы шабуыл жасаған. 

автобус
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Жанжал нәтижесінде салон ішіндегі жүргізші есігінің әйнегі сынған. Желідегі мәліметке сәйкес, оқиға №120 автобуста болған.

Алматы қаласының Полиция департаменті жүргізушіге шабуыл жасаған күдікті ұсталғанын хабарлады.

- Бұл дерек бойынша Әуезов аудандық полиция басқармасы тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Құқық бұзушының жеке басы анықталып, қамауға алынды. Күдіктінің әрекетіне құқықтық баға берілетін болады, - деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметінен.

Еске салайық, былтыр Алматыда №47 бағыттағы қоғамдық көліктің ішінде жолаушы жанжал шығарып, жүргізуші әйелді ұрған еді. Салдарынан әйел есінен танып, көлікті басқара алмай, аялдамада тұрған бір топ адамды қаққан болатын. Аталған оқиғадан 7 адам зардап шегіп, 3 адам қайтыс болған.

Биыл сәуір айында 3 адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты сот үкімі шықты. Сот Дархан Ахметжановты 8 жылға бас бостандығынан айырды. 

Соңғы жаңалықтар