Алматыда аяқталмаған құрылыс нысаны бұзылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы Байтұрсынов көшесі, 50 мекенжайында орналасқан нысан бұзылғанын хабарлады.

Алматыда аяқталмаған құрылыс нысаны бұзылды
Фото: Алматы әкімдігі

Ведомствоның мәліметінше, түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде нысан иесі құрылысты өз еркімен бұзу туралы шешім қабылдаған. Жұмыстар белгіленген тәртіпке сәйкес толық көлемде орындалды. 

– Құрылыс және қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу барысында белгіленген талаптарды қатаң сақтауды, сондай-ақ тиісті құжаттарды уақытылы рәсімдеудің маңыздылығын еске саламыз, - деп хабарлады Қала құрылысын бақылау басқармасы. 

Еске салайық, бұған дейін Алматыда Ниязбеков көшесі, 30/1 мекенжайында орналасқан ғимарат сот шешімімен бұзылды.

Соңғы жаңалықтар