Алматыда азық-түлік дүкенінен өрт шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Абырой болғанда алматылық құтқарушылар өрттің таралуына жол бермеді, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

өрт
Фото: ТЖМ

Наурызбай ауданында Жуалы көшесінде орналасқан 2 қабатты ғимараттың екінші қабатында азық-түлік дүкені өртенді.

— Өрт сөндіру жасақтары келген кезде азық-түлік дүкені ашық жалынмен жанып жатты. Жанында тұрған құрылыстарға өрттің таралу қаупі болды. Өрт сөндірушілер өрттің таралуына жол бермей, 40 шаршы метр алаңдағы өртті жедел түрде сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда, — делінген тараған ақпаратта.

Бұған дейін Ақтөбеде полиэтилен өнімдерін шығаратын цех өртенгенін жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар