Алматыда балаларға қойылатын ең танымал есімдер белгілі болды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Жыл басынан бері Алматы қаласында 16 501 бала дүниеге келген.

Биыл сәбилерге қойылған ең танымал есімдер белгілі болды
Фото: Pixabay.com

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы қаласы бойынша филиалы жаңа туған нәрестелерге қойылатын ең танымал есімдерді ұсынды.

Қыздарға қойылатын есімдердің үштігі:

- Сафия;
- Мариям;
- Адия.

Ал ұлдарға ең көп қойылатын есімдер:

- Мұхаммед;
- Алан;
- Әмір.

Одан бөлек, жаңа туған нәрестелердің арасында Әлихан, Әмір, Айсұлтан, Хамза, Айлин, Асылым, Медина, Аяла сынды есімдер жиі қойылады.

Сондай-ақ Алматы қаласында дүниеге келген балалардың ішінде Теона, Наоми, Айви, Эллая, Ай-Ашин сынды ерекше есімдер де бар.

Алматы қаласы АХАТ басқармасының басшысы Баян Абдулланованың айтуынша, жыл басынан бері қалада 16 501 бала дүниеге келген. Оның 8500-і ұл бала және 7974-і қыз бала. 

Еске салайық, былтыр сәбилерге қойылған ең танымал есімдер қандай екенін жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар