Алматыда банк ғимаратына кіріп, ақша ұрламақ болған адам ұсталды
АЛМАТЫ. KAZINFORM - Күдікті банк ғимаратында терезе арқылы кірген.

Алматы полициясының мәліметінше, оқиға түнде болған. 32 жастағы ер адам ғимаратқа терезе арқылы кіріп, одан кейін кассаға кірмек болған, алайды брондалған шыныдан өте алмаған. Бұл әрекеттің бекер екенін түсінген қаскөй оқиға орнынан кетіп қалған.
Криминалдық полиция басқармасы Жетісу аудандық полициясымен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ұсталды.
- Біз жаңа технологиялар мен цифрлық мүмкіндіктерді белсенді түрде қолданамыз. Күдікті өз кінәсін мойындады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деді Криминалдық полиция басқармасының бастығы Талант Исаев.
Еске салайық, бұған дейін Атырауда 2 жасөспірімге қасақана дене жарақатын салған күдіктілер ұсталды.