Алматыда батарея ыстық болса да, пәтер іші неге салқын

АЛМАТЫ. KAZINFORM — «Алматы жылу жүйесі» ЖШС жылыту маусымында алматылықтар жиі кезігетін жағдайдың себебін түсіндірді. Атап айтқанда, батарея ыстық болғанымен, пәтер іші салқын болып қала береді. Мамандардың айтуынша, негізгі себептердің бірі — ғимараттың қоршау құрылымдары арқылы болатын жылу шығыны.

Жылу үшін төлемдер қалай қалыптасады: «Астана-Теплотранзит» түсініктеме берді
Фото: Астана әкімдігі

«Алматы жылу жүйесі» мәліметінше, қабырға, шатыр, терезе ойықтары мен панельаралық жіктер жеткілікті деңгейде оқшауланбаған жағдайда, жылу энергиясының 60-70%-ға дейіні сыртқа кетуі мүмкін. Типтік тұрғын үйлерге жүргізілген тепловизиялық зерттеулер де осыны көрсеткен. Мұндай жағдайда жылыту жүйесіндегі жылутасығыш температурасын арттыру әрдайым пәтер ішінің жылынуына әсер ете бермейді.

Мамандар жылу шығынының күшейгенін білдіретін белгі ретінде мыналарды атады:

• сыртқы қабырғалар мен бұрыштардың салқындауы;
• терезелер мен еңістерде конденсаттың түзілуі;
• ылғалдану немесе көгеру; 
• ұқсас, бірақ жылуы жақсы үйлермен салыстырғанда жылытуға кететін шығынның жоғары болуы.

Компания өкілдерінің айтуынша, жылу ғимараттан бірнеше жолмен: жылуөткізгіштік (қабырға, терезе, шатыр, еден), конвекция (суық беттердің маңында ауаның айналымы мен салқындауы), сондай-ақ жылулық сәулелену арқылы шығуы мүмкін.

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС жылу шығынын азайтуға бағытталған шараларды жылыту маусымынан тыс кезеңде жүргізген дұрыс екенін ескертті.

— Мұндай шараларға қасбет пен шатыр асты жабындарын жылылау, панельаралық жіктерді герметизациялау, терезелерді энергия үнемдейтін түріне ауыстыру, сондай-ақ кіреберіс топтарын тығыздау жатады, — делінген хабарламада.

Кешенді тәсіл жылу шығынын қысқартып, ғимараттардың энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Мамандар тұрғындарға үйдің техникалық жағдайын бағалау және қажетті жаңғырту шараларын жоспарлау үшін басқарушы компанияларға, ПИК немесе МИБ ұйымдарына жүгінуді ұсынды.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысының бірнеше ауылына жылу жетіспей отырғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар
Референдум