Алматыда белгісіз жалаңаш әйелдің денесі табылды

қылмыс
Фото: Kazinform

АЛМАТЫ.  KAZINFORM - Алматының Наурызбай ауданында киімсіз жатқан әйелдің денесі табылды. 

Бұл туралы құқық қорғаушы Дина Таңсәрі instagram-дағы парақшасында бөлісті.

«Таусамалы ауылы, «Монтажник» СО-да 15 маусымда бірнеше полиция көлігі келді. Бұл жерде жас әйелдің денесі табылды. Ол киімсіз жалаңаш болды», - делінген жазбада. 

Алматы қалалық полиция департаменті, кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта күдіктіні ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларының кешені жүргізілуде. Басқа жағдайлар анықталып жатыр», - деп хабарлады полициядан. 

Осыған дейін Шолохов көшесіндегі қараусыз қалған ғимараттың жанынан әйелдің мәйіті табылғаны туралы жазған болатынбыз. 

Біраз уақыттан кейін сол маңдағы сауда орындарының бірінен мәйіттің басы табылды. Кейін әйелді өлтіріп, басын кесіп алған 61 жастағы ер адам 20 жылға сотталды. 

 

Соңғы жаңалықтар
telegram