Алматыда бейнеролик түсіру үшін жолды жапқан 3 адамға айыппұл салынды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда бір кафенің үш қызметкері жарнамалық бейнеролик түсіру үшін қарбалас даңғылдағы жаяу жүргіншілер өткеліне үстел қойып, жолды бөгеп тастаған.

Терроризмді насихаттағаны үшін екі  азамат 7 жылға сотталды
Фото: Pixabay.com

Олардың әрекеті Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Үш азамат сотта өз кінәсін мойындады.

- Соттың қаулысымен бейнеролик түсіріліміне қатысушылар ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі (қоршағандарға құрметсіздік таныту және қоғамдық тәртіпті бұзу) бойынша кінәлі деп танылып, оларға 20 АЕК мөлшерінде – әрқайсына 78 мың теңгеден астам айыппұл салынды. Сот қаулысы заңды күшіне енді, - деп хабарлады Алматы сотының баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда мылқау такси жүргізушісіне құрметсіздік танытқан блогер полицияға жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар