Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматыда биыл 42 жүк көлігі айыппұл тұрағына қойылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда техникалық ақауы бар жүк көліктеріне бақылау күшейтілді.

Алматыда биыл 42 жүк көлігі айыппұл тұрғаны қойылды
Видеодан алынған скрин

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 2026 жылдың 7 ай ішінде 16 мыңнан астам жүк көлігі жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 1 033 техникалық ақауы бар көлік анықталған. Экологиялық талаптарды бұзғаны үшін 229 жүргізуші жауапкершілікке тартылса, 42 жүк көлігі айыппұл тұрағына қойылған.

Ал шілде айының ортасынан бері жұмыс істеп жатқан мамандандырылған мобильді топ 428 жол қозғалысы ережесін бұзу дерегін анықтап, 21 жүк көлігін айыппұл тұрағына жеткізді.

— Жолға шығатын әрбір жүк көлігі Қазақстан Республикасының қауіпсіздік және экологиялық талаптарына толық сәйкес келуі тиіс. Ақаулы тежегіш жүйесі, тозған шиналар немесе пайдаланылған газдың шамадан тыс түтіндеуі — ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін нақты қауіп факторлары. Біздің міндетіміз — мұндай көлік құралдарын дер кезінде анықтап, олардың әрі қарай пайдаланылуына жол бермеу, — деп хабарлады департаменттен.

Алматы қаласында жалпы 48 мыңнан астам жүк көлігі тіркелген.

Еске салайық, Алматыда білікке түсетін жүктемесі 8 тоннадан асатын жүк көліктерінің қозғалысына күндіз шектеу қойылды. Ол күн сайын сағат 07:00–ден 22:00–ге дейін Саин көшесі — Әл-Фараби даңғылы — Шығыс айналма автомобиль жолы (ШААЖ) — Рысқұлов даңғылы аралығындағы аумақта қолданылады.