Алматыда биыл 7 мыңнан астам тұрғын баспанамен қамтылады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – 2025 жылы Алматыда 7 284 адам қоныс тойын тойлайды.

Павлодарда биыл 570 мың шаршы метр баспана тұрғызылады
Фото: Валерий Бугаев

– Осы жылы 7 284 алматылық баспаналы болады. Оның ішінде жетім балалар бар. Сондай-ақ белгіленген 20% квотаға сәйкес көпбалалы отбасыларды, халықтың әлеуметтік осал топтарын және бюджеттік ұйымдар қызметкерлерін қоса алғанда, азаматтардың неғұрлым осал санаттарына тұрғын үй беріледі,– деп атап өтті қалалық әкімдіктен.

Айта кетейік, коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтер кезек тәртібімен ғана беріледі. 2024 жылы осы бағдарлама бойынша 5 594 адам баспанамен қамтамасыз етілді.

– Бағдарлама аясында 2000 азамат коммуналдық тұрғын үй қорынан жалдамалы пәтерлер алды. Оның ішінде 404 пәтер жетім балаларға бөлінді, бұл берілген тұрғын үйдің жалпы санының 20% - на сәйкес келеді. Сонымен қатар, өткен жылы 257,7 млн теңгеге 207 тұрғын үй сертификаты табысталды. Сертификатты 1 және 2 топтағы мүгедектер, мүгедек балалары бар отбасылар, көпбалалы отбасылар және жетім балалар алды,– деп атап өтті әкімдіктен.

Осыған дейін Алматыда 43 мыңнан астам адам баспана кезегінде тұрғанын жазғанбыз.

Қазір қала аумағында 171 тұрғын үй кешені құрылысы жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар