Алматыда биік үйден құлаған қыз Қырғызстан азаматы – ІІМ

АСТАНА. KAZINFORM – Алматыда биік үйдің терезесінен құлап мерт болған қыз Қырғызстан азаматы. Бұл туралы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев айтты.

Алматы
Фото: видеодан кадр

«Мұндай оқиға шынымен болды. Ол көрші елдің азаматы. Бүгінде мінез-құлық ерекшелегі бар екендігі анықталды. Туған-тустары тарапынан да оның психиологиялық денсаулығына қатысты проблеманың болғаны жайлы ақпарат пайда болды. Осы оқиға сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу жүріп жатыр. Оның мұндай қадамға неліктен барғанын айта алмаймын. Мән-жай анықталып жатыр», - деді ол Сенаттың жалпы отырысы аясында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Сонымен қатар ол секіріп өлген қыздың Қырғыстан азаматы екендігін нақтылады.

Бұған дейін Алматыда әйел көп қабатты үйдің терезесінен құлап, қайтыс болғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар