Алматыда былтыр 4 мыңнан астам адам фамилиясын өзгерткен

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Аты-жөнін өзгерткен азаматтар 1 ай ішінде орындауы тиіс талаптар бар.

Алматыда былтыр 4 мыңнан астам адам фамилиясын өзгерткен
Фото: Kazinform

Алматы қаласы Әділет департаментінің басшысы Балаим Кесебаева өңірлік коммункациялар қызметінің алаңында департаменттің бір жылдық жұмыс нәтижесімен бөлісті. Брифинг барысында Балаим Кесебаева аты-жөнін өзгерткен азаматтар бір ай ішінде төлқұжатын ауыстыруды ұмытып кететінін айтты.

— Қазіргі уақытта аты-жөнін өзгерту туралы акт жазбасы тіркелмейді және атын, әкесінің атын және тегін өзгерту туралы куәлік берілмейді. Кейбір азаматтар атын немесе әкесінің атын өзгерткеннен кейін бір ай ішінде жеке куәлігі мен төлқұжатын ауыстыруды ұмытып кетеді. Мұндай азаматтарға бір ай ішінде жеке басын куәландыратын құжаттарды ауыстыру қажет, — деді ол.

Жалпы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматыдағы филиалының мәліметінше, 2024 жылы мегаполисте 4294 адам тегін өзгерткен.

Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы нотариустар мен адвокаттардың саны қанша екенін жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар