Алматыда былтыр 5 мыңға жуық бала инклюзивті біліммен қамтылған
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың төрағалығымен қаланың инклюзивті ортасын дамыту жөніндегі Кеңестің II отырысы өтті. Жиында «Инклюзивті Алматы» бағдарламасының тұжырымдамасы талқыланды.

Отырыс барысында Білім басқармасының басшысы Сайран Сайфеденов 2023-2024 оқу жылында балабақшаларда, мектептерде және колледждерде инклюзивті біліммен 4 663 бала қамтылғанын атап өтті.
Оның айуынша, мегаполистегі 21 жеке ұйымда қосымша инклюзивті білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы жүзеге асырылып жатыр.
«Ерекше қажеттілігі бар 650 бала алғаш рет қосымша біліммен қамтылды, оған 480 миллион теңге бөлінді. Біз осы салада жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдарды шақыруға және қажетті мемлекеттік тапсырысты орналастыруға дайынбыз. Осылайша ерекше балаларды қосымша біліммен көбірек қамтуға мүмкіндік аламыз. Бұл мәселеде білікті маман даярлауға да бюджеттен қаражат бөлуге дайынбыз», - деді қала әкімі.
Еске салайық, Алматыда бірнеше күнге ірі жолайрық жөндеу жұмыстарына жабылатынын жазғанбыз.
24-25 тамыз күндері Алматыда гастрономиялық фестиваль өтеді.