Алматыда бизнес нысандарын желілерге қосу кезінде заңбұзушылықтар анықталды

АСТАНА. KAZINFORM — Алматы прокуратурасы кәсіпкерлік нысандарын инженерлік желілерге қосу кезінде табиғи монополиялар субъектілері тарапынан заңбұзушылықтар болғанын анықтады.

Алматы прокуратурасы бизнес нысандарын инженерлік желілерге қосу кезіндегі бұзушылықтарды анықтады   Алматы қаласының прокуратурасы табиғи монополиялар субъектілерінің кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде инвесторларға объектілерді инженерлік желілерге қосу кезінде реттеліп көрсетілетін қызметтердің заңдылығына талдау жүргізді.   Жекелеген табиғи монополиялар субъектiлерiнiң «Мемлекеттiк қала құрылысы кадастры» автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнде мәлiметтердi тиiсiнше орналастыруды және уақтылы өзектендiрудi қамтамасыз етпегенi анықталды.   Нәтижесінде бизнес субъектілері мен инвесторлар бос қуаттардың болуы және объектілерді инженерлік инфрақұрылымға қосудың техникалық мүмкіндігі туралы нақты ақпаратты уақтылы алу мүмкіндігінен іс жүзінде айырылған.   Мұндай практика заңнама талаптарына сәйкес келмейді және реттеліп көрсетілетін қызметтердің ашықтығы мен қол жетімділігі қағидаттарын бұзады, сондай-ақ тұтынушылардың қажетті ақпаратқа қол жеткізуін шектейді.   Қадағалау нәтижелері бойынша кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 164-бабы 1-бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылды.   Салынған әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы 4,7 млн теңгені құрады. Инженерлік қуаттардың болуы және қолжетімділігі туралы тиісті мәліметтер ақпараттық жүйеге енгізілді.   Алматы қаласының прокуратурасы реттелiп көрсетiлетiн қызметтер саласында заңдылықты қамтамасыз ету және кәсiпкерлiк субъектiлерiмен инвесторлардың құқықтарын қорғау жөнiндегi жұмысты жалғастыруда.
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Прокуратураның мәліметінше, кейбір табиғи монополиялар субъектілері «Мемлекеттік қала құрылысы кадастры» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне қажетті мәліметтерді уақытында енгізбеген әрі оларды тиісті деңгейде жаңартпаған.

Соның салдарынан кәсіпкерлер мен инвесторлар нысандарын инженерлік инфрақұрылымға қосу үшін бос қуаттың бар-жоғы және техникалық мүмкіндік туралы нақты ақпаратты уақытында ала алмаған.

Прокуратура мұндай жағдай реттеліп көрсетілетін қызметтердің ашықтығы мен қолжетімділігі талаптарына қайшы екенін мәлімдеді.

Тексеру нәтижесінде кінәлі тұлғалар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 164-бабының 1-бөлігі бойынша жауапқа тартылды. Оларға салынған айыппұлдың жалпы сомасы 4,7 млн теңге болды.

Қазір инженерлік қуаттардың болуы мен қолжетімділігі туралы қажетті мәліметтер ақпараттық жүйеге енгізілді.

Еске салайық, бұған дейін Қарағандыда инвесторларға негізсіз қаржылық санкциялар қолданылғанын жазғанбыз.