22:42, 27 Қаңтар 2025 | GMT +5
Алматыда бизнес-орталық өртеніп жатыр
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алмалы ауданында үш қабатты әкімшілік ғимараттың шатыры өртенді.

Отқа оранған ғимараттың видеосы әлеуметтік желіде тарады. Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей өрт сөндірушілер Алмалы ауданы, Әуезов көшесі, 33/35 мекенжайындағы ғимаратан шыққан өртті сөндіріп жатыр.
– Үш қабатты әкімшілік ғимараттың шатыры өртеніп жатыр, аумақ нақтыланып жатыр, – деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомстводан атап өткендей, газ және түтіннен қорғау қызметінің бөлімшелері адамдардың бар-жоғына барлау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Өрттің жақын маңдағы ғимаратқа таралу қаупі жойылды.
Осыған дейін Almaty Arena мұз сарайында өрт шығып, 4 бала құтқарылғаны туралы жазған едік.