Алматыда ботаникалық бақ қысқы жұмыс кестесіне ауысты

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматының Бас ботаникалық бағы жаңа жұмыс кестесіне көшті.

Алматыдағы ботаникалық бақ
Фото: Александр Павский/ Kazinform

— Күндізгі жарық уақытының қысқаруына байланысты ботаникалық бақ қысқы жұмыс кестесіне көшеді. 15 қазаннан бастап ботаникалық бақ сағат 10:00–ден 18:00–ге дейін жұмыс істейді. Кассадағы техникалық үзіліс: 15:00–15:30. Әр айдың бірінші дүйсенбісі санитарлық күн өтеді, — деп хабарлады бақтың баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін ботаникалық бақ аумағында 1969 жылы салынған экспозициялық жылыжайды қайта қалпына келтіру жұмыстары туралы жазғанбыз. Жылыжайды жөндеу жұмыстары 2022 жылдың көктемінде басталған. Бірақ сол жылдың соңында жауапсыз мердігер жұмысты аяқтамай тастап кеткен.

Сондықтан Алматының бас ботаникалық бағы күрделі жағдайға байланысты көмекке мұқтаж екенін хабарлады. Биыл көктемде жылыжай құрылысын қаржыландыратын демеушілер табылды.

Соңғы жаңалықтар