Алматыда ботаникалық баққа кіру билеті қымбаттады

Алматыда 1 қаңтардан бастап ботаникалық баққа кіру билеті қымбаттады, деп хабарлайды Kazinform.

ботаникалық бақ
Фото: Ботаникалық бақтың Instagram парақшасы

Бұл туралы ботаникалық бақтың баспасөз қызметі мәлім етті.

«2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Бас ботаникалық баққа кіру үшін қосымша 24,20 теңге төлеу керек. Себебі, ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін әрбір келуші төлеуге тиіс салық көлемі өсті» делінген хабарламада.

Енді ботаникалық баққа кіру кезінде ересектер — 874,20 теңге, зейнеткерлер мен мектеп оқушылары — 527,20 теңге, студенттер — 709,20 теңге төлейді. 

Соңғы жаңалықтар