Алматыда ботаникалық баққа кіру билетінің бағасы өзгереді
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда 9 қазаннан бастап ботаникалық баққа кіру билетінің бағасы өзгереді.

«2024 жылдың 9 қазаннан бастап қызметтерге тарифтердің өзгергені туралы хабарлаймыз. Келушілерге ыңғайлы болу үшін Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетімен келісе отырып, жаңа тарифтерде ботаникалық бақ аумағындағы барлық бағалар тиынсыз болады»,- деп атап өтті ботаникалық бақтың баспасөз қызметі.
Енді ботаникалық баққа кіру кезінде ересектер — 900 теңге, зейнеткерлер мен мектеп оқушылары — 450 теңге, студенттер үшін 720 теңге болмақ.
Айта кетейік, барлық зейнеткерлер қазан айында жұмыс күндері ботаникалық баққа тегін кіре алады. Ол үшін келушілер жеке куәлікті немесе зейнетақы картасын көрсету қажет.
Еске салайық, осы жылдың басында билет 24,20 теңгеге қымбаттаған болатын.