Алматыда бір бөлмелі пәтерде 109 адам тіркелген

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы прокуратурасы заңсыз көші-қонды ұйымдастыру дерегін анықтады. Тексеру барысында бір бөлмелі пәтерде нақты тұрмайтын 109 адамның тіркелгені белгілі болды. 

Алматыда бір бөлмелі пәтерде 109 адам тіркелген
Фото: Polisia.kz

Прокуратура мәліметінше, пәтер иесі азаматтарды сыйақы алу мақсатында жалған тіркеуге қойған.

Аталған дерек бойынша пәтер иесіне қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 394-бабы – «Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот үкімімен ол бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына тартылды.

Алматы прокуратурасы мұндай әрекеттердің қылмыстық жауаптылыққа әкелетінін ескертті. Қадағалау органы азаматтарды көші-қон заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға үндеді.

Еске салайық, бұған дейін елімізде көші-қон ағынын талдау орталығы құрылып жатқанын хабарлағанбыз.

Соңғы жаңалықтар