Алматыда бір қабатты үйдің шатыры жанып кетті

АЛМАТЫ. KAZINFORM -  Өрттің аумағы 180 шаршы метрді құрады.

Шатыр
Фото: ТЖМ

«23 наурыз Алматы қаласының Алатау ауданында бір қабатты тұрғын үйдің шатыры өртке оранды. Жалын 180 шаршы метр алаңды қамтыды. Үйдің жалпы ауданы — 450 шаршы метр. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда», — делінген ТЖМ мәліметінде. 

Өрт толығымен жойылды.

Өрт орнында ТЖД шамамен жеке құрамнан 55 адам және 16 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум