Алматыда бұрынғы судья Светлана Жолманова сот отырысына тағы келмеді
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы қаласы Медеу аудандық сотының бұрынғы судьясы Светлана Жолманова сот отырысына қатысудан бас тартты.

Алаяқтық жасады деп айыпталған Светлана Жолманова тағы да тергеу изоляторынан шығудан бас тартты.
№2 Медеу аудандық сотының судьясы Қанат Әрінов айыпталушы Светлана Жолманова қатысты қылмыстық істі оның қатысуынсыз қаралатынын жеткізді.
Айта кетейік, экс- судьяға ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы (аса ірі мөлшердегі алаяқтық) бойынша айып тағылып отыр.
Еске салайық, бұған дейін сотталушы Светлана Жолмановаға қатысты сот отырысы бес рет кейінге шегерілген болатын.
Бұған дейін Бас прокуратура Жолманованың ісі сотқа жолданғаны туралы хабарлаған болатын.
Тергеудің мәліметінше, 2021 жылдан 2024 жылға дейінгі кезеңде ол жылжымайтын мүлік сатып алуға және тендерлік жобаларға қатысуға жәрдемдесу сылтауымен, алдау және сенімге қиянат жасау арқылы азаматтардың 1 миллиард теңгеден астам қаражатты қолды қылған.
Еске салайық, былтыр экс-судьясы Светлана Жолманова ұсталғаны туралы жазғанбыз.
Алғаш рет алматылық судья 2021 жылы алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.