Алматыда бюджет есебінен алынатын дәрі-дәрмек тізімі кеңейтілді

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда қалалық мәслихаттың XXXIV сессиясы өтіп, онда бірқатар мәселе қаралды. 

дәріхана
Фото: freepik.com

Сессия барысында депутаттар жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын аурулар мен дәрілік заттар тізбесін кеңейтуді бекітті. Қосымша он әлеуметтік маңызы бар және сирек кездесетін патологиясы бар 23 пациент қымбат дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі. 

Сондай-ақ қала көріктендіру ережелеріне толықтырулар енгізілді. Енді жауын-шашын тым көп түскенде көшелерді күшейтілген режимде күтіп-ұстау тетігі бекітілді.

– Мәселен 2024–2025 жылғы қыста Алматыда бес тәулікте қатты қар жауған (14–22 см, норма – 1,87 см). Бұл жағдайда жұмысшылар мен техниканың санын шұғыл көбейту қажеттілігі туындады. Есеп бойынша, осындай жағдай қайталанса, 4 мыңға дейін жол жұмысшысы, 200 арнайы техника және 30 жүк тиегіш қажет болады. Жалақы тек нақты орындалған жұмысқа төленеді, - деп хабарлады мәслихаттан. 

Еске салайық, бұған дейін Алматыда туберкулез сырқатының саны 20 пайызға азайғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар