Алматыда денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржы 15,2 млрд теңгеге ұлғайды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Биыл денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 41,6% өсіп, 51,7 млрд теңгеге жетті. Бұл туралы Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті.

медицина врач
Фото: pixabay.com

Аталған сома медициналық жабдықтар мен вакциналарды сатып алуға және күрделі жөндеуге бағытталған.

медициналық жабдық
Фото: Алматы әкімдігі

Биыл 4 медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету орталығының құрылысы мен 12 емханада күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады.

медициналық құрылғы
Фото: Алматы әкімдігі

«Алматыда денсаулық сақтау инфрақұрылымына ерекше көңіл бөлініп отыр. Мәселен, биыл денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 15,2 млрд теңгеге ұлғайтылды. Бұдан бөлек 11 жаңа МСАК,емхана құрылысы мен 3 емхананы күрделі жөндеу жобасы әзірленеді. Кадрлық әлеуетті арттыру үшін 2 632 дәрігер мен орта медициналық қызметкерді оқытудың үш деңгейлі бағдарламасы іске асырылып жатыр», - деп атап өтті басқармадан.

Қазақстанда алғаш рет 2024 жылы 13 маусымда Алматы қаласының Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында «Фетальді хирургия» пилоттық жобасы іске қосылды. Онда жатырішілік оталар жасалады.

 

Соңғы жаңалықтар