Алматыда Достық пен Сәтбаев көшелерінің қиылысы 1 түнге жабылады

АЛМАТЫ.KAZINFORM - Алматыда 22 қарашадан 23 қарашаға қараған түні Достық даңғылы мен Сәтбаев көшесінің қиылысында көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

а
Фото: Алматы әкімдігі

Медеу ауданы әкімінің аппаратының мәліметінше, шектеу кернеуі 10 кВ кабель желісін тарту жұмыстарына байланысты енгізіледі.

Жұмыс 22 қараша күні сағат 22:00-де басталып, 23 қараша күні сағат 06:00-ге дейін жалғасады. Жұмыс аяқталған соң мердігер ұйым жол жабыны мен абаттандыру элементтерін қалпына келтіреді.

Әкімдік жүргізушілерден жол жүру бағытын алдын ала жоспарлап, мүмкіндігінше балама жолдарды таңдауды сұрады.

Еске салсақ, 23 қарашадан бастап Алма-Арасан көшесінің экологиялық бекеттен «Нұрбота» дүкеніне дейінгі бөлігі бір айға уақытша жабылатыны хабарланды.

https://kaz.inform.kz/news/alma-arasanga-baratin-zholda-r-tastar-kuladi-akmdk-zhurgzushlerge-eskertu-zhasad-1639e3ed/

Сондай-ақ Есік көліне апаратын жол 2027 жылдың сәуіріне дейін жабылады.