Алматыда дрифт жасаған жүргізуші 5 күнге қамалды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы қаласында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жүргізуші жазаланды.

Дрифт
Фото: видеодан алынған скрин

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жүргізуші әлеуметтік желілерде жариялау үшін қала көшелерінің бірінде дрифт жасаған. Полиция қызметкерлері оны анықтап, автокөлікті арнайы айыппұл тұрағына қойды.

- Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған 5 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды. Мұндай көрсетілім үшін жасалатын әрекеттердің салдары ауыр болуы мүмкін. Әрбір құқық бұзушылыққа міндетті түрде құқықтық баға беріліп, кінәлі тұлғалар заң аясында жауапқа тартылады, — деді Медеу аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Айдар Нағашыбеков.

Еске салайық, былтыр Алматыда қаланың қақ ортасында дрифт жасаған жүргізуші 10 күнге қамалған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар