Алматыда Джей Лоның концертінде жалған билет сатқан күдікті ұсталды
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы полициясының киберқылмыстарға қарсы күрес басқармасы 10 тамыз күні өткен Дженнифер Лопестің концертіне жалған билет сатты деп күдікке ілінген ер адамды ұстады.

Тергеу барысында күдіктінің интернет-платформалардың бірінде хабарландыру жариялап, концертке екі жалған билет сатқаны белгілі болды. Алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды.
– Азаматтардың ақшасын алдау жолымен иемденуге тырысқан барлық адамдар анықталып, жауапкершілікке тартылатын болады. Осындай жағдайларға тап болмас үшін билеттерді тек ресми сайттардан немесе сенімді кассалардан сатып алуды қатаң түрде ұсынамыз, - деді Алматы қаласы киберқылмыстарға қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Еркебұлан Қойшыбаев.
Еске салайық, бұған дейін Джей Лоның Алматыдағы концерті қалай өткенін жазғанбыз.