18:40, 02 Қараша 2025 | GMT +5
Алматыда екі апта бұрын жоғалып кеткен ер адамның мәйіті табылды
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда 14 қазанда жоғалып кеткен 35 жастағы ер адамың денесі табылды.
Lider.kz еріктілер қозғалысының ақпараты бойынша 30 қазан күні Абдусалам Таскуловтың мәйіті табылған.
Бұған дейін 14 қазан күні ер адам Қарасай ауданы Асыл Арман шағынауданындағы үйінен сағат 22:30-да шығып кетіп, қайтып оралмаған.
Осыған дейін Алматыда қамыс арасындағы көлік ішінен ер адамның денесі табылғаны туралы жаздық.
Кейінірек Павлодарда өз үйінен анасы мен баласының мәйіті табылды.