Алматыда екі көше уақытша жабылады
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыдағы Жамақаев және Зенков көшелерінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, Жамақаев көшесінің белгілі бір аумағында жол жамылғысын жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі.
Атап айтқанда, 4 сәуір күні сағат 05:00–ден 6 сәуір күні сағат 06:00–ге дейін Ахмедьяров көшесінен Иванилов тұйығына дейінгі аралықта қозғалыс толықтай жабылады. Бұл аумақты Сызғанов, Иванилов және Ескендіров көшелері арқылы айналып өтуге болады.
Сонымен бірге Зенков көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі.
4 сәуір сағат 23:00–ден 5 сәуір сағат 06:00–ге дейін Құрманғазы көшесінен Республика сарайына дейінгі аралықта қозғалыс толықтай жабылады.
— Жөндеу жүргізілетін аумақта ескерту белгілері орнатылып, мердігер ұйым басшысының байланыс деректері көрсетілген ақпараттық тақталар орнатылады. Тұрғындардан қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, — делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Алматының бір көшесінде қозғалыс жазға дейін шектелетінін жазғанбыз.