Алматыда экологиялық нормаларды бұзған жүргізушілерге 437 млн айыппұл салынды
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыдағы табиғатты қорғау бекеттерінде 25 мыңнан астам экологиялық нормалардың бұзылуы анықталды.

Алматы полициясының мәліметіне сәйкес, қалада 19 табиғатты қорғау бекеті бар.
Олар қаланың жан-жағында орналастырылған. Жыл басынан бері табиғатты қорғау бекеттерінде 25 мың 154 құқық бұзушылық анықталған.

— Шығарындылардағы ластаушы заттардың мөлшері бойынша нормативтерден асатын автокөліктерді және басқа да жылжымалы көлік құралдарын пайдаланғаны үшін (ҚР ӘҚбК-нің 334-бабының 1-бөлігі бойынша) 25 мың 154 әкімшілік хаттамалар толтырылды. Айыппұлдың жалпы сомасы — 437 миллион 406 мың 400 теңге, — деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін электромобильге арнайы белгі тағылмаса қанша айыппұл салынатынын жазғанбыз.
Сондай-ақ қысқы маусымда жазғы доңғалақпен жүрген жүргізушіге қанша айыппұл салынатынын жазған едік.