Алматыда электр бағанасына шыққан монтер тірідей жанып кетті

Алматыда электр бағанасына шыққан монтерді тоқ соғып, тірідей жанып кетті, деп хабарлайды Kazinform.

монтер
Фото: Kazinform

Бұл ақпарат әлеуметтік желіде тарады. 

Алматы қалалық полиция департаменті аталған фактіні растап, тиісті тергеу басталғанын мәлім етті.

«Түрксіб аудандық полиция басқармасында ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.Тиісті сараптамалар тағайындалды. Жағдай анықталып жатыр», — деп атап өтті ведомстводан.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі электршінің жеке компанияда жұмыс істегенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар