Алматыда электр желілерінің 65 пайызын жаңарту қажет

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда биыл 123 шақырым электр желісі жаңғыртылады.

Балтық елдері еуропалық электр желісіне ауысты
Фото: Freepik

Қалалық энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы Нұрбақыт Серікбайдың айтуынша, мегаполисте 8900 шақырым электр желісі бар, оның 64,5%-ы жаңартуды қажет етеді. Осыған байланысты 2025 жылы 123 шақырым желі жаңғыртылады.

Басқарма басшысы сыртқы жарықтандыру жұмыстарына да тоқталды.

Айтуынша, Алматыда қазір шамамен 200 мың жарық нүктесі бар. 2024 жылы 40 мыңнан астам шам ауыстырылып, 300 шақырым желі қалпына келтірілген.

- Биыл осы жұмысты жалғастырып жатырмыз: 15 мыңнан астам шам мен 5,6 мың торшер орнатылады, жарықсыз қалған 1189 жерге желі тартылады, 70 нысанға архитектуралық жарық беру жүргізіледі. Сонымен қатар қалада 1100 басқару шкафы ауыстырылып, 70 шақырым желі жаңғыртылады. Соның арқасында қала 100%-ға жарықпен қамтылады, қазіргісі – 90%, - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда электр желілері жер астымен жүргізілетінін жазғанбыз.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум