Алматыда электромобиль жүргізушілері автотұрақты қалай тегін пайдалана алады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — 18 қыркүйектен бастап электромобильдер үшін тегін тұрақ қарастыратын заң күшіне енеді. Осыған байланысты «Алматы паркинг» кәсіпорны электр қуаты арқылы жүретін көлік жүргізушілеріне арнайы тізілімге қосылу қажет екенін ескертті.

Алматы паркинг
Фото: Алматы әкімдігі

«Электромобильдердің иелері тиісті растайтын құжат негізінде коммуналдық тұрақты пайдаланғаны үшін төлемақыдан босатылады. Жеңілдіктер тізіліміне енгізу үшін электромобильдердің меншік иелері «Алматы паркингіне» жүгінуі немесе техпаспорттың сканерленген нұсқасын бере отырып, «Е-өтініш» сайты арқылы өтініш беруі қажет», — деп хабарлады кәсіпорын.

Алматы паркинг
Фото: Алматы әкімдігі

«Алматы паркингінде» өтініш және оларға қоса берілген құжаттар қаралғаннан кейін деректерді тізілімге енгізу туралы тиісті шешім шығатыны атап өтті. Өтінімді қарау мерзімі — 15 күнтізбелік күн. Әрбір өтініш берушіге шешім көрсетілген ресми жауап беріледі. Бір жылдан кейін жоғарыда аталған процедураны қайталау қажет, өйткені тізілім жыл сайын жаңартылып отырады.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан аумағындағы электромобиль саны 11 мыңға жеткенін жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар