Алматыда ер адам 10-қабаттан құлап кетті

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда биіктен құлаған адам мерт болды.

жедел жәрдем
Фото: Kazinform

Желідегі мәліметке сәйкес, ер адам «Turar» бизнес орталығының терезесінен құлап кеткен. Алматы қаласының полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 105- бабы (өзін-өзі өлтіруге жеткізу) бойынша қылмыстық іс қозғады. 

– Бұл дерек бойынша Алмалы ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр, - деп хабарлады департаменттен.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда 29 жастағы әйел биіктен құлап, мерт болғанын жазғанбыз. 

Өткен айда Алматыда үш жасар бала биіктен құлап кетті. 

Соңғы жаңалықтар