Алматыда ер адам әлеуметтік желіде тараған видеодан кейін қамауға алынды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда ер адам мектеп маңындағы аялдамада қыз балаға өзімен бірге жүру үшін ақша ұсынған.

л
Фото: pexels

Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады.

Ер адам әуелі мектеп оқушысына 100 мың теңге, кейін 300 мың теңге беретінін айтып, өзімен бірге жүруге көндірмек болған. Жазбада оқиға қаладағы № 50 мектептің маңында болғаны айтылған.

Алматы полиция департаменті бұл жайтқа қатысты түсінік берді.

Ведомствоның мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ер адам ұсталды.

Оған қатысты әкімшілік іс қозғалды.

— Ол сот шешімімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 10 тәулікке қамауға алынды, — делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Астанада оқушы қыздарға қырындаған мұғалімнің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар