Алматыда есірткі таратқан 21 жастағы шетелдік ұсталды

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматыда шетел азаматы синтетикалық есірткімен ұсталды. 

Алматыда есірткі таратқан 21 жастағы шетелдік ұсталды
Фото: Алматы полициясы

Полиция қызметкерлері күдіктінің көлігін Алатау ауданындағы «Шаңырақ» шағын ауданында тоқтатқан. Көлікті тексеру барысында одан тыйым салынған заттар табылған. 

— Ұсталған 21 жастағы жігіттің өзі синтетикалық есірткіні интернет арқылы сатумен айналысқанын мойындады. Шетелдік азамат қаламызға бірнеше ай бұрын келіп, автокөлікті жалға алған. Жұмысының ақысын электронды аударымдар арқылы алып отырған. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Есірткі сату дерегі бойынша Алатау аудандық ПБ қылмыстық іс қозғады, - деді Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Еске салайық, бұған дейін Шымкентте есірткі таратқан екі әйел ұсталғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар