Алматыда есірткі таратумен айналысқан жас жігіт ұсталды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда полицейлер синтетикалық есірткі таратумен айналысқан жас жігіттің заңсыз әрекетінің жолын кесті. 

Алматыда есірткі таратумен айналысқан жас жігіт ұсталды
Фото: Алматы полиция департаменті

Тыйым салынған зат тәркіленіп, тиісті сараптамалар жүргізіліп жатыр.

Күдікті қамауға алынды.

— Әрбір есірткі затын анықтап, тәркілеу — азаматтарымыздың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған нақты қадам. Полиция «Заң және тәртіп» қағидасын жүйелі түрде жүзеге асырып, жастар арасында есірткі тұтынудың алдын алуға және тарату арналарының жолын кесуге ерекше мән береді. Біз есірткі қылмысының кез келген түріне қатаң қарсы тұруды жалғастырамыз, — деді Алматы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде полиция қызметкерлерінің екі адамды тұтқындап жатқан бейнежазбасы тарады.

Одан жерде жатқан азаматтың қалтасына полиция қызметкерінің бір затты салғанын көруге болады. Желі қолданушылары «әдейі есірткі тастау әрекеті болуы мүмкін» деп болжады.

Алайда Алматы полиция департаменті кейінірек бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлады. 

Соңғы жаңалықтар