Алматыда фотосессия кезінде оқушы өзенге құлап кетті
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Төтенше жағдай Проходная шатқалы аумағында болған.

Алматы құтқару қызметінің (109) мәліметінше, сағат 15:35 шамасында Проходная шатқалы аумағында фотосессия ұйымдастырған мектеп оқушыларының бірі Проходная өзеніне құлап кеткен.
— 18 оқушы мен сынып жетекшісі су жағасында фотосессия өткізіп жатқан сәтте, 9-сыныпта оқитын қыз тайып, суға түсіп кеткен. Оқиға орнына дереу Алматы қаласының құтқару қызметінің құтқарушылары аттанды. Сағат 15:56–да, құлап кеткен жерден шамамен 500 метр төмен, бөгеттің алдында оқушы судан шығарылды, — деп хабарлады Алматы құтқару қызметі.

Құтқарушылар алғашқы медициналық көмекті оқиға орнында көрсетіп, зардап шеккен оқушыны жедел жәрдем бригадасына тапсырған.
Еске салайық, бұған дейін Алматы тауларында адасып кеткен екі турист құтқарылғанын жазғанбыз.